Қазақстанда енді жемқорлардың тізімі пайда болады

56

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов Қазақстанда сыбайлас жемқорлардың тізілімі пайда болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Syrboyi.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжілісте Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» бойынша заң жобалары қаралады.

Заң жобалары шеңберінде елде сыбайлас жемқорлықтың жария тізілімін енгізу жоспарланып отыр.

«Бұл – профилактикалық құрал. Оның басты мақсаты – қоғам алдында айыптау арқылы ел арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеу қасиетін қалыптастыру. Тізілімге ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін сотталғандар туралы мәліметтер енгізіледі. Заңды күшіне енген айыптау үкімі адамдарды тізілімге енгізу үшін негіз болады», – деп түсіндірді Сарқұлов отырыс барысында.

Хабарланғандай, тізілімнен шығару заңды күшіне енген ақтау үкімі мен соттылықты өтеу негізінде мүмкін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<