Қазақстанда электр қуатына ықпал ететін 30-ға жуық жоба қарастырылған

125

0

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Елдегі 19 электр станциясында тозу деңгейі 65 пайыздан астам. Бұл туралы елордада «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын талқылау кезінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев мәлім етті.

  • Елімізде 77 энергия өндіруші ұйым болса, оның ішінде 19 станцияда тозу деңгейі 65 пайыздан астам. Ұлттық жоба аясында энергия жүйесін дамыту ескерілген, яғни 15 жаңа жоба қарастырылған, – деді А. Дарбаев.

Сонымен қатар, қолданыстағы энергия көздерін жаңғыртуға бағытталған 14 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл бағытта 1,8 трлн теңге қарастырылған.

  • Осы жұмыстардың нәтижесінде қолданыстағы активтер жаңартылады. Бұл тұрғыда тозу деңгейін орта есеппен 15 пайызға азайтуға мүмкін болады, – деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарлағандай, энергетикалық секторда жаңғыртудың ұлттық жобасын бес және одан да ұзақ мерзімде жүзеге асыру үшін 13 трлн теңге қажет.