Қазақстанда карантин қайта күшейтіледі

797

0

COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК Қазақстанда карантиндік шектеулер күшейту туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда карантин қайта күшейтіледіБүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті.

Нұр-Сұлтандағы «Дельта» («үнділік») штаммына тән COVID-19 мутациясының анықталуына байланысты ведомствоаралық комиссия бас мемлекеттік санитар дәрігеріне карантиндік режим бойынша мынадай қосымша шаралар қабылдауды ұсынды:

1. COVID-19-ға қарсы вакцинасыз (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) қызмет көрсету саласының қызметкерлері, ірі ұйымдасқан ұжымдар (өнеркәсіптік кәсіпорындар) үшін жұмысқа кіруге шектеу енгізу);

2. КВИ-ға қарсы вакцина алудан бас тартатын (КВИ-ға қарсы вакциналауға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ азаматтар) қызмет көрсету саласының, өнеркәсіп кәсіпорындарының және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлері үшін міндетті ПТР-тестілеу талабын енгізу);

3. «Ashyq» жобасына жаңа кәсіпкерлік субъектілерін қосу үшін, сондай-ақ жоба аясында жұмыс істеп тұрған субъектілердің жұмысын одан әрі жалғастыру үшін барлық персоналды (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) вакциналау қажеттілігі жөнінде талап енгізу);

4. «Ashyq» жобасына сауда ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлері мен азық-түліктік емес базарларды қосу.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<