Қазақстанда кітаптар 3,7% қымбаттады

468

0

Фото: Pexels

2024 жылғы наурызда Қазақстандағы кітаптар өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 3,7% қымбаттады. Бұл жайында ұлттық статбюроның есебінен белгілі болды, деп хабарлады KAZINFORM.

2023 жылдың қаңтар-желтоқсаны аралығында баспа компаниялары көрсеткен қызметтердің көлемі 70,2 млрд теңге болды.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қызмет көрсету көлемі 0,8% өсті.

Аталған соманың 23,5 млрд теңгесі – газет шығару, 16,7 млрд теңге – кітап шығару, 9,7 млрд теңге — баспа қызметінің өзге түрлері есебінен болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<