Қазақстанда көлік тіркеу уақытша тоқтатылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкімшілік полиция комитетінің мәліметінше, елдегі барлық ХҚКО мен eGov порталында бүгін сағат 9.00-ден 12.30-ға дейін көлікті тіркеу уақытша тоқтатылады.
«Бұл техникалық ақауларға байланысты. Комитеттегілер ыңғайсыздық үшін кешірім сұрайды. Профилактикалық жұмыстар аяқталған соң мемлекеттік қызмет түрі өз жұмысын штаттық режимде жалғастырады», – делінген хабарламада.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<