Қазақстанда күзге қарай картоп арзандауы мүмкін

166

0

Фото: АШМ

Биыл елімізде картоп егу алқабы 20 мың гектарға ұлғайтылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті.

  • Сауда және интеграция министрімен бірқатар отырыс өткіздік, қазір де бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Егер баға шектен асып кетсе, біз сатушыларға белгілі бір мөлшерде айыппұл саламыз. Бұл бағыттағы жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деді Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министр келтірген мәліметке сүйенсек, биыл картоп егу алқабы 20 мың гектарға ұлғайтылды.

  • Биыл менің ойымша, мол өнім болып, картоп жеткілікті көлемде жиналады. Күзде баға төмендейді деп ойлаймын, – деген болжам жасады ведомство басшысы.

Еске сала кетсек, маусымда елімізге кедендік бажсыз картоп импорттауға мүмкіндік берілді.

Сондай-ақ картоп бағасын өсіргендерге айыппұл салынатыны айтылды.