Қазақстанда мерекелерде қосымша пойыздар пайда болады

372

0

Фото: ҚТЖ

Қазақстанда Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылға орай қосымша пойыздар жүре бастайды. Көлік министрлігі жолаушыларды тасымалдау үшін қандай бағыттар бойынша жүретінін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қосымша пойыздар Астанадан Шымкент пен Алматыға, сондай-ақ Ақтөбеден елордаға қатынайды. Министрліктің мәлімдеуінше, осы кезеңдерде сұраныс жоғары болмақ.

Мереке күндері қазақстандықтар арасында басқа да танымал маршруттар бар. Олар елорда мен елдің оңтүстігіндегі, батысы мен шығысындағы ірі қалалар арасында, сондай-ақ Алматы мен солтүстік, батыс және орталық облыстар арасында жұмыс істейді. Ұлттық тасымалдаушы бұл пойыздарға бірнеше мың орындық қосымша вагондарды бекітуді жоспарлап отыр.

«22 мың жолаушыға арналған қосымша 500 тіркеме болады. Жалпы бұл қазір алдын ала мәлімет екенін айту керек. Қарашаның ортасына қарай қосымша пойыздарды іске қосу туралы шешім қабылданады. Ешқандай баға өзгермейді, көтерілмейді», – деп мәлімдеді көлік министрлігінің ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<