Қазақстанда пәтер бағасының түсуі үрдісі жалғасып келеді.
Krisha.kz мәліметіне қарағанда, мамырдағы теріс динамика кейінгі 10 айдағы рекордтық көрсеткіш болып шықты, яғни пәтер құны орташа есеппен 1 пайызға түсті.
Бұл тұрғыда осы динамика Петропавл мен Тараздан басқа барлық қалада байқалды. Аталған екі қалада баға 0,2-0,6 пайыз шамасында өсті.
Қазақстан аумағында бір шаршы метрдің орташа бағасы 369,8 мың теңгені құрады.
Алматыда екі ай бойы баспана бағасы төмендеп келеді, сәуір айынан бері 3 пайызға түсті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<