Krisha.kz 2025 жылдың I тоқсанында Қазақстанда қайталама нарықтағы тұрғын үй бағалары қалай өзгергенін есептеді.
Қазақстан бойынша жылжымайтын мүліктің орташа құны үш айда 3%-ға — 1 шаршы метр үшін 379 913 теңгеден 391 424 теңгеге дейін өсті. Бұл ретте бағаның өсуі барлық қалада байқалады, бірақ оның қарқыны әр түрлі екенін айта кеткен жөн.
Тұрғын үй қай жерде қымбаттады
— Қостанай: +8.5%.
— Ақтау: +6.6%.
— Ақтөбе: +4.8%.
— Орал, Өскемен, Шымкент: +3.4%.
Байқап тұрғандарыңыздай, Қостанай мен Ақтауда өсу қарқыны айтарлықтай жоғары.
Қай қалаларда бағаның өсуі қалыпты деңгейде
— Алматы, Астана, Павлодар, Петропавл, Атырау — 3,1% шамасында.
— Семей, Көкшетау, Қызылорда — 2%-дан төмен.
Қай жерде баға аса өзгермеген
— Түркістан мен Талдықорған — тек + 0,9%, бұл нарықтың тұрақтандырылғанын немесе сұраныс төмендігін білдіруі мүмкін.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<