Қазақстанда қанша шипажай бар?

549

0

Фото:mavink.com

Демалыс маусымы қарсаңында Ұлттық статистика бюросы Қазақстан шипажайлары туралы статистиканы ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.

2022 жылдың соңында ел аумағында 172 санаторлы-курорттық ұйым болды. Оның ішінде 109 –санаторий, 27 – оңалту орталығы, 9 –профилакторий, 7 – мамандандырылған және басқа да санаторийлер бар.

«Сауықтыру ұйымдарының басым бөлігі жеке бизнеске тиесілі – 127, мемлекетке – 42, шетелдік меншікте – 3. Шипажайлардың 66-сы қала аумағында болса, 106-сы ауылды жерде орналасқан», – делінген хабарламада.

Курорттық ұйымдардың саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда 72 ұйым жұмыс істейді. Одан әрі Ақмола облысы – 13, Алматы қаласы мен Қызылорда облысында – әрқайсында 11 демалыс орнынан.

«Өткен жылы шипажайларда 380 мың адам сауықса, оның 60% – әйелдер», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<