Қазақстанда сауда нысандарына арналған стандарт әзірленді

535

0

Фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі

Қазіргі таңда тұтынушыларға жаңа тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсынылады, заманауи сату әдістері мен қызмет көрсету нысандары енгізілуде.

Осы өзгерістерге жауап ретінде Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті мен Техникалық реттеу және метрология комитеті ҚазСтандартпен бірлесіп ҚР СТ 1754-2024 «Сауда объектілерін классификациялау» деп аталатын ұлттық стандартты әзірлеп, қолданысқа енгізді.

Жаңа стандарт «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңына және Ішкі сауда ережелеріне толық сәйкес келеді. Онда терминдер жаңартылды, сауда объектілерін классификациялау және оларға қойылатын жалпы талаптар белгіленді.

Сатушының қатысуынсыз тауарларды сатуға және тамақ өнімдерін автоматты дайындауға, өткізуге арналған автоматтандырылған құрылғыны білдіретін «Вендинг автомат» деген жаңа терминді мысал ретінде айтуға болады.

Стандарт сонымен қатар сауда объектілерін былайша жіктеуді қамтиды:

– сауда қызметіндегі көп функционалды ғимарат (кешен);

– көтерме-тарату орталығы;

– сауда-ойын-сауық орталығы;

– сауда орталығы;

– сауда үйі;

– гипермаркет;

– супермаркет;

– шағын маркет;

– модернизацияланған сауда нарығы;

– дүкен (үй жанындағы дүкен);

– аутлет орталығы;

– дискаунт орталығы;

– сауда нарығы;

– жылжымалы сөре;

– шатыр (павильон);

– дүңгіршек;

– автомат;

– вендинг автомат;

– автодүкен.

ҚазСтандарт сарапшылары «Сауда объектілерін классификациялау бірыңғай өлшемшарттары тұтынушыларға нарық ұсыныстарына сүйенуге және олардың санаты мен қызмет көрсету деңгейін ескере отырып, сатып алу орындарын таңдауға көмектеседі» деп атап өтті.

Жаңа стандарт тұтынушыларға ыңғайлылық пен жайлылықты арттыра отырып, нарыққа қатысатын барлық қатысушылар үшін ашық және түсінікті жүйені құруға ықпал етеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<