Қазақстанда семіздік дертіне шалдыққан балалар саны күрт артты – Министрлік

117

0

Фото: pixabay.com

Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда семіздік дертіне шалдыққан балалар күрт артқанын жеткізді. Салдарынан көптеген оқушылар ұмытшақтық, жүйке жүйесінің ауруларына шалдыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2018 және 2022 жылдар аралығында артық салмақ жинаған оқушылардың саны 1,6 есеге көбейген.

«Ұл-қыздардың 70 пайызы гиподинамия, яғни қимыл-қозғалыстың төмендеуінен туындайтын ауруға шалдыққан. Мұндай балалар жарақат көп алады. Ал бастауыш сынып оқушыларының арасында ұмытшақтық, көз және жүйке жүйесінің аурулары жиі тіркеледі. Сондай-ақ, қан қысымы көтерілетін балалар да көбейген», – делінген хабарламада.

Мамандар бұл аурулардың дұрыс тамақтанбау мен спортпен шұғылданбаудың кесірінен екенін алға тартты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<