Қазақстанда Starlink жабдықтарын заңды түрде пайдалану қашан іске асады

688

0

Фото: pixabay.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Starlink құралдары мен жабдықтарын заңдастыру жоспары жайында түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform.

«Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласындағы инвестициялық климатты дамыту жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына бастамашылық жасады. Министрлік осы құжат аясында геостационарлық емес спутниктік жүйелер арқылы байланыс қызметтерін ұсынуды лицензиялау іс-шараларын жүзеге асырмақ», – делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Starlink құрылғыларын өз еркімен қосқандарға айыппұл салынады.

Қазір осы құрылғыларды заңсыз қосқандар бастапқыда ескерту алады. Егер бұл дерек қайталанса, онда 10 АЕК сомасында айыппұл салынады. Сондықтан заңнамаға түзетулер енгізілгеннен кейін, қазақстандықтар бұл жабдықтарды пайдалана алады. 

Биылғы қазан айында 10 ауылдық мектеп SpaceX компаниясының Starlink технологиясы арқылы тестілік режимде кең жолақты интернетке қосылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<