Қазақстанда теле және радиохабарлар тарату уақытша тоқтатылады

388

0

Сурет: pixabay

Қазақстанда осы сенбіде теледидар мен радио шамамен 14 сағат жұмыс істемейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазтелерадио» АҚ таратқан мәлімет бойынша, 2023 жылғы 23 желтоқсанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) «Қазмедиа орталығының» хабар тарату өзегін жаңғыртудың кезекті кезеңін аяқтау шеңберінде барлық технологиялық кешеннің желілік жабдығын ауыстыру жоспарланған.

«Сондай-ақ, «Қазтелерадио» АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерінің техникалық құралдарында сервистерді өшіре отырыппрофилактикалық жұмыс жүргізетін болады. Осыған байланысты көрсетілген уақыт кезеңінде эфирлік, кабельдік және спутниктік телерадио хабарларын тарату желілерінде теле-, радиоарналарды тарату тоқтайтыны туралы хабардар етеміз», – делінген хабарламада.

«Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздық тудырғаны үшін кешірім сұрады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<