Қазақстанда темекі 6,5 процент қымбаттайды

285

0

Фото: ҚазАқпарат

1 шілдеден бастап ең арзан темекі 820 теңгеден сатылады. Бұл қазіргі бағадан 50 теңгеге қымбат. Бұйрық Ашық НҚА порталында жарияланған.

Қаржы министрлігі бұндай шараның тұрғындардың денсаулығы үшін қолға алынғанын айтады.

Соңғы жарты жылдың өзінде шылымның бағасы 16 пайыздан 18,8 пайызға дейін өскен. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында темекі мен папиростың бағасы 53,4 пайызға артқан.

Дегенмен, елде темекіге тәуелділердің саны азайған жоқ. Былтыр папиростың ішкі нарықтағы көлемі 62 пайызға көбейген. Ал биылғы жылдың алғашқы үш айында қазақстандықтар шылымға 5,7 миллиард теңге жұмсаған.

Ұлттық статистика бюросы жүргізген зерттеуге сәйкес, 2023 жылы 29 бен 39 жастағы азаматтардың арасында шылым шегетіндер көбейген.

Жалпы, елімізде әрбір бесінші адам темекі тартады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<