Қазақстанда төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті пайда болады

565

0

Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Төтенше жағдайлар министрлігі жанынан жаңа мемлекеттік орган – төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылады. Тиісті қаулы министрдің қолымен «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Құжаттың түсіндірме жазбасында жазылғандай, жобаны іске асыру 1 млрд 638 млн 715 мың теңге (2024-2028 жж.) мөлшерінде қосымша қаржыны талап етіп отыр.

Аталмыш бағдарламаны іске асыру орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қатысты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелерінде бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Жоба 24 мамырға дейін көпшіліктің талқылауына ұсынылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<