Қазақстанда туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұрған өңірлер аталды

5

0

Фото: pixabay.com

2025 жылдың 12 айында Қазақстанда 335 мың бала дүниеге келді, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметіне сәйкес, олардың 51,5% — ұлдар, 48,5% — қыздар.

Туудың ең жоғары коэффициенті Түркістан (1000 тұрғынға 22,22 адам), Маңғыстау (21,40) облыстарында және Шымкент қаласында (21,76) тіркелді. Туу көрсеткішінің негізгі үлесі 25-29 жас аралығындағы әйелдерге — 27%, сондай-ақ 30-34 жас аралығындағы әйелдерге — 26,1% тиесілі.

— Былтыр 20 жасқа дейінгі қыздар 10,4 мың баланы, ал 50 жастан асқан әйелдер 148 баланы дүниеге әкелген. 20 жасқа дейін босанған аналардың саны Түркістан облысында басым болса, 50 жастан асып дүниеге нәрсе әкелген аналар саны Алматы қаласында көп, — делінген хабарламада.

Былтыр туған балалардың 24% (79,8 мың бала) отбасының тұңғышы атанса, кезек саны бойынша отбасында төртінші болып 53,5 мыңнан астам бала дүниеге келген (жалпы туылғандардан 16%).

Бұған дейін елімізде республикалық референдум күні 585 бала дүниеге келгенін жазғанбыз.

Сонымен қатар, Ақтауда референдум күні туған сәбиге Ата-Заң есімі қойылған еді.