Қазақстанда вагон өндірісі айтарлықтай өсті

277

0

Фото: Railways Systems KZ

Осы жылдың алғашқы төрт айында теміржол көлігі өндірісінің едуәір өсімі байқалды. Мәселен, 2024 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында дизель локомотивтерінің өндірісі 20 болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп.

Сонымен қатар, вагондар өндірісі өсті. Осы жылдың алғашқы төрт айында 50 теміржол, трамвай, өздігінен жүрмейтін, жолаушылар, багаж және басқа да арнайы мақсаттағы вагондар шығарылды.

Бұл өткен жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 8,3 есе көп.

Сондай-ақ, 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында 400 жүк вагоны өндірілді, ал өткен жылдың тиісті кезеңінде барлығы 9 вагон ғана құрастырылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<