Қазақстанда уақытты ауыстыру мәселесі қайта қаралып жатыр

297

0

Фото: Тұрар Қазанғапов

Вице-премьер Роман Скляр кей азаматтардың қайтадан бұрынғы уақыт белдеуіне ауысу ұсынысына қатысты пікірін білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Қоғамның бір бөлігі жаңа уақытқа оң көзбен қарайды. Кейбіреулер үшін бұл қабылданарлық, ал басқалары үшін – жоқ. Барлық артықшылықтар мен кемшіліктерді мұқият зерттеу керек. Меніңше, барлығын тыңдап, практикалық тұрғыдан қарау қажет», – деді Роман Скляр.

Жаңа уақытқа қашан көштік?

Қазақстанда уақыт белдеуін ауыстыру 2023 жылдың 1 наурызынан басталды. Ел бір уақытта UTC+5 уақыт белдеуіне көшті. Бұрын елде бірнеше уақыт белдеулері болған, бірақ бұл өзгерістер қазақстандықтардың өтініштеріне байланысты қабылданды. Бұған дейін, Мәжілістің бір топ депутаты Үкіметтен бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруды талап еткен болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<