Қазақстанда жаңа саяси партия пайда болмақ

100

0

Фото: Видеодан скриншот

Қазақстанда «Адал заман» атты жаңа саяси партия пайда болуы мүмкін. Оны заңгер, «Болашақ» стипендиясының иегері, халықаралық полиграфологтар қауымдастығының мүшесі Ержан Наурызбай бастап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әзірге партияның әділет министрлігінде тіркеуі де, қаржыландыруы да жоқ. Тек идея мен белсенділер тобы бар. Мақсаты – тиімді және әділ саяси-құқықтық жүйе мен халықтың жалпы әл-ауқатын қалыптастыру.

Олар парламенттік тергеу институтын енгізуге, тегін орта және жоғары білім беруге, міндетті әскери қызметті алып тастауға және кәсіби келісімшарттық әскер құруға уәде береді. Сыртқы саясатта еуразиялық интеграция және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды барлық ірі жобалардағы қазақстандық үлесті ұлғайту арқылы қайта қарау бағыты бар.

«Қалыптасқан азаматтық белсенділікті сындарлы арналарға қайта бағыттау қажет. Мұндай қайта құрудың ең оңтайлы нұсқасы азаматтардың саяси партияларды қолдау және сайлауда дауыс беру арқылы елдің саяси өміріне қатысуы екеніне сенімдіміз», – деді заңгер Ержан Наурызбай.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда «Ынтымақ» жаңа саяси партия тіркелетіні айтылған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<