Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі неге төмен?

110

0

Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі неге Финляндия мен Францияға қарағанда төмен? Бұл сұраққа Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Азиз Ибрагимов жауап берді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресми мәліметтерге сәйкес Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан төмен. ОҚК-да өткен брифингте журналистер жауапты адамнан Финляндия немесе Францияда жұмыссыздық деңгейі 8 пайыздан жоғары, неге Қазақстанда 4,6 пайыз екенін сұрады.

«Бұл елдерде мемлекеттік органдар нашар жұмыс істей ме, әлде бізде есептеу әдісі басқаша ма?» – деген сұрақ қойылды.

Азиз Ибрагимовтың айтуынша, Қазақстанда жұмыссыздарды есепке алуды Ұлттық статистика бюросы таңдаулы зерттеу арқылы жүргізеді.

«Мұнда маңызды нәрсе: тіркелген жұмыссыздық пен тіркелмеген жұмыссыздық деген ұғымдар бар. Бірі – жұмыспен қамту орталықтарына барып тіркелген адамдар, екіншісі – ресми тіркелмеген, бірақ жұмыссыз жүрген азаматтар. Сондықтан бұл мәселе әр ел қолданатын әдіснамаға байланысты», – деді Ибрагимов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<