Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы сомасы белгілі болды

454

0

Сурет: pexels

2024 жылғы 19 сәуірде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы сомасын атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 132 595 теңгені (ынтымақты зейнетақы – 89 901 теңге, базалық зейнетақы – 42 694 теңге) құраған жиынтық зейнетақының орташа мөлшері аталған болатын.

Осыған байланысты Zakon.kz тілшісі еліміздегі ең жоғары зейнетақы мөлшерін білу үшін БЖЗҚ баспасөз қызметіне хабарласты.

«БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуына байланысты) 34 075 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы – 945 752 теңгені құрады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы кезеңінде БЖЗҚ – дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы 32 065 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 742 692 теңгені құраған», – деді БЖЗҚ баспасөз қызметі.

Қазақстанда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрлері мен базалық зейнетақы төлемдерінің қаншалықты жоғарылағаны туралы сілтеме бойынша біле аласыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<