Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

679

0

Сурет: ашық дереккөз

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, қаңтарда қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 274,1 миллиард теңге көлемінде зейнетақы төленсе, оның 84,2 миллиард теңгесі базалық зейнетақыға, 189,9 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленген.

«2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны 2 миллион 292 мың адам. Жалпы зейнетақының орташа мөлшері 120 659 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 878 теңге, базалық зейнетақы – 37 781 теңге», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<