Қазақстандағы орташа жалақы 11 пайызға өсті

346

0

Фото: Kazinform

2024 жылғы III тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша айлық жалақының орташа мәні 2023 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 11,3%-ға өсіп, 390328 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Өткен тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 3,2%-ға төмендеді, нақты жалақы индексі 95,3% құрады.

Өңірлік бөліністе 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың III тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Шымкент қаласында – 16,1%-ға, Алматы қаласында – 15,2%-ға, Абай және Ақтөбе облыстарында – 14,2%-ға, Қостанай облысында – 14,0%-ды құрады.

Қазақстан Республикасындағы жалақының медианалық мәні бағалау бойынша 2024 жылдың III тоқсанында 269378 теңгені құрады.

«2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі ақпарат және байланыста – 28,1 есе, қаржы және сақтандыру қызметі – 24,3%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 18,7%-ға, өнер, ойын-сауық және демалыс – 18,0%-ға, салаларында байқалды. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 13,8%-ға өсті, оның ішінде электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласында – 20,6%-ға, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет саласында – 18,3%-ға. 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең төменгі өсуі, мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру– 5,9%-ға, құрылыс– 5,3%-ға салаларында байқалды», – делінген Ұлттық статистикалық бюро хабарламаасында.

Сонымен қатар, салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда– 2,2 есе, қаржы және сақтандыру қызметі – 2,1 есе, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде – тиісінше 1,5 есе , көлік және жинақтауда – 1,4 есе жоғары болып тіркелді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<