Қазақстандық оқушылар информатикадан еуропалық жасөспірімдер олимпиадасында төрт медаль ұтып алды

539

0

Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

8-14 қыркүйек аралығында қазақстандық құрама Грузияда өткен EJOI-2023 информатикадан еуропалық жасөспірімдер олимпиадасына қатысып, 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль ұтып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің 24 елінен 96 қатысушы өзара бәсеке қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы төрт медаль жеңіп алды, деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Қызылорда қаласындағы С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» облыстық лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Мансұр Мамадахунов алтын медаль ұтып алса, Тараз қаласындағы «Білім-Инновация» дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Серікбай Сұңғат пен Семей қаласындағы «Білім-Инновация» дарынды ұлдарға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Аменов Әлен күміс медаль алды, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Алдамжаров Әлішер қола жүлдегер атанды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<