Қазақстандық құтқарушылар ресейліктерді құтқарды

1915

0

Фото: Видеодан алынған кадр

Ақтөбеде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары ресейлік балықшыны құтқарды, деп хабарлайды ТЖМ.

Жаңбыр топырақты шайып, нәтижесінде жеңіл машина балшықта кептеліп қалып, өздігінен шыға алмай қалған.

ТЖМ құтқарушыларының күшімен автокөлік жолдың тазартылған учаскесіне сүйреліп, жақын елді мекенге дейін ауыр техникамен сүйемелденді. Құтқарылған 4 адам, оның ішінде 2 бала – Ресей Федерациясының азаматтары.

Олар қазақстандық құтқарушыларға өз алғысын білдірді.

Еске салсақ, биыл Алматы тауларында биыл 400-ге жуық адам құтқарылды.  Алматыда күн сайын 50-ден астам құтқарушы, 12 техника және 19 ит кезекшілікке шығып, төтенше жағдайға тап болған алматылықтарға көмекке келеді. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<