Қазақстандықтар Астана күнінде қалай демалады?

534

0

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар Астана күнінде қалай демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл 6 шілде, яғни Астана күні – мемлекеттік мереке, сенбіге сәйкес келеді. Сондықтан демалыс күнін дүйсенбіге ауыстыру арқылы қосымша 1 демалыс және қысқартылған жұмыс аптасын береді. Бірақ бұл өзгерістің алты күн жұмыс істейтіндерге қатысы жоқ.

Осылайша, бес күндік жұмыс істейтіндер үшін: 6, 7 және 8 шілде – демалыс күндері, бірақ алты күндік жұмыс үшін 8 шілде – жұмыс күні саналады.

Еске алайық, бұған дейін Қазақстанда жаңа мерекелік күндер пайда болатынын жазған едік. Оның ішінде, шілдедегі жаңа мерекелер де бар: 

  • Дипломатиялық қызмет күні – 2 шілде
  • Су шаруашылығы қызметкерлері күні – 9 шілде
  • Ветеринариялық қызметкер күні – 10 шілде
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні – 13 шілде
  • Нотариат күні – 14 шілде
  • Балық шаруашылығы қызметкерлері күні – шілденің екінші жексенбісі
  • Металлург күні – шілденің үшінші жексенбісі
  • Сауда қызметкерлері күні – шілденің төртінші жексенбісі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<