Қазақстандықтар азық-түлікке қанша қаражат жұмсап жатыр

311

0

Фото: Freepik

Қазір елімізде табыстың 22,2 пайызын азық-түлікке жұмсап жатырмыз.  Бұл туралы Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мәлім етті.

Бүгін Сенатта өткен азық-түлік қауіпсіздігі тақырыбындағы парламенттік тыңдаудан кейін тілшілер қазақстандықтар жалақысының неше пайызын азық-түлікке жұмсайтынын сұрады.

– Бұл мәселе өте маңызды. Кейбіреулері осы шығындарға қатысты шатастырып жатады, яғни «тапқан табыстың жартысы азық-түлікке жұмсалып жатыр» деп айтады. Ол – дұрыс емес. Жалпы, тұтыну (азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары, ақылы қызметтер) шығындарының ішінде 50 пайызы азық-түлікке жұмсалатынын білеміз және оны мойындаймыз. Ал тұтыну шығындары – тапқан табысымыздың 50 пайызы. Себебі табысымызды тұтыну шығындарынан бөлек, несиені жабуға немесе бала-шағаға керек заттарды алуға, қарызды жабуға, оқу ақысына төлейміз. Осының бәрін ескере отырып, қазір бүкіл табысымыздың 22,2 пайызын азық-түлікке жұмсап жатырмыз деп айтуға болады, – деді С.Жұманғарин.

Атап айтқанда, тұтыну шығындары – тұтыну тауарлары мен қызметтерін сатып алуға бағытталған ақшалай шығыстарының бөлігі. Тұтыну шығындарына азық-түлік тауарларын, азық-түлік емес тауарларды сатып алуға және ақылы қызметтерді алуға арналған шығыстар жатады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<