Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады

671

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қазақстандықтар 2022 жылғы мамыр айында үш мерекені атап өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл – 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні.

1 мамыр жексенбі күніне тұспа-тұс келгендіктен, тағы бір демалыс күні ретінде 2 мамыр қосылады.

Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр сенбіге келеді, сондықтан тағы бір демалыс күні 10 мамырға ауысады. Ал қазақстандықтар 9 мамыр – Жеңіс күнінде бірден төрт күн, яғни 7-10 мамыр аралығында демалады.

Осылайша, демалыс күндерінің жалпы саны мамырда бес күндік жұмыс аптасы үшін 12 күн, алты күндік жұмыс аптасы үшін 8 күн болады.