Қазақстандықтар қашықтан жұмыс істеп қанша табады

6

0

Фото: Ru.freepik.com

2025 жылы Қазақстанда икемді жұмыс кестесі мен қашықтан жұмыс істеуді ұсынатын бос жұмыс орындар арасында сұранысқа ие мамандықтар анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2025 жылы Қазақстанда қашықтықтан жұмыс істейтін мамандарға деген сұраныс артып келеді. hh.kz платформасының мәліметінше, қашықтықтан жұмысқа арналған вакансиялар арасында ең көп сұранысқа ие мамандықтар – сату менеджері, бағдарламашы, мұғалім, SMM-менеджер және дизайнерлер. Бұл мамандарға ұсынылаты айлық мөлшері 146 мың теңгеден басталып, 501 мың теңгеге дейін өседі.

  • Сату менеджері/Клиентпен жұмыс менеджері – 501 500 теңге;
  • Мұғалім/оқытушы/педагог – 300 000 теңге;
  • SMM-менеджер/Контент-менеджер – 248 298 теңге;
  • Дизайнер/суретші – 263 094 теңге;
  • Маркетинг менеджері/Интернет-маркетолог – 240 511 теңге;
  • Есепші – 215 926 теңге;
  • Хатшы/Жетекшінің көмекшісі – 202 846 теңге;
  • Call-орталық оператор/Байланыс орталығы маманы – 160 974 теңге; 
  • Техникалық қолдау маманы – 153 694 теңге;
  • Программист/Әзірлеуші – 146 176 теңге.

Бос жұмыс орындарына деген сұраныс SMM-менеджерлер мен контент-менеджерлерге 155,7%-ға көбейген. Маркетинг менеджерлері мен интернет-маркетологтарды іздегендер 128,3%-ға, дизайнерлерге деген сұраныс 120,9%-ға өскен. Есепшілерге арналған қашықтықтан жұмыс орындары 108,7%-ға көбейсе, мұғалімдер үшін вакансия саны 69,9%-ға өскен. Кассир, көмекші сияқты мамандықтарға сұраныс 59,3%-ға, техникалық қолдау мамандарға – 28,4%-ға артқан.

Ал кейбір мамандықтарға сұраныс азайған. Мысалы, call-орталық операторлары мен байланыс орталығы мамандарды іздегендер былтырмен салыстырғанда 23%-ға азайған.

Қашықтан жұмыс істеу форматы ұсынылған мамандар арасында ең жоғары айлық сату менеджерлері мен клиентпен жұмыс менеджерлерінде. Оларға 501 500 теңге айлық ұсынылады. Мұғалімдерге 300 000 теңге, дизайнерлер мен SMM-менеджерлерге 248-263 мың теңге аралығында, ал бағдарламашылар мен техникалық қолдау мамандарына ұсынылатын жалақы салыстырмалы түрде төмен – 146-153 мың теңге.

Аталған мамандықтар бойынша 9:00-18:00 кестесіне байланбай, икемді жұмыс кестесімен жұмыс істеуге болады. Сондай-ақ қызметкерлерге ұсынылған орташа жалақы мөлшері де көрсетілген.

  • Сатушы-кеңесші, сатушы-кассир – орташа жалақы шамамен 274 895 теңге; Курьер – 635 603 теңге;
  • Даяшы, бармен, бариста – 354 492 теңге; Дәрігер – 615 857 теңге;
  • Аспаз, наубайшы, кондитер – 384 924 теңге; Жүргізуші – 500 044 теңге;
  • Мұғалім, оқытушы, педагог – 398 000 теңге; Сату және клиенттермен жұмыс менеджері – 500 000 теңге;
  •  
  • Әкімші – 300 000 теңге;
  •   
  • SMM-менеджер / контент-менеджер – 246 933 теңге.

Бұл тізім 2025 жылғы hh.kz платформасында жарияланған вакансияларға негізделіп жасалды.

Көріп отырғанымыздай, соңғы бір жылда еңбек нарығында бұл мамандықтардың сұранысы айтарлықтай өсім көрсетсе, кейбіреулері керісінше төмендеді. Мысалы, сатушы-кеңесші, сатушы-кассирлерге сұраныс 60,5%-ға артқан. Сол сияқты мейрамхана қызметкерлерін іздегендер көбейген – 295%-ға, ал аспаздар, наубайшы мен кондитерлер үшін бос жұмыс орындары былтырмен салыстырғанда 359,0%-ға өскен.

Әкімші вакансиясының саны169,7%-ға, дәрігерлерге арналған бос жұмыс орны 72,4%-ға артқан.

Алайда кейбір мамандықтарға сұраныс өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. Мысалы, жеткізушілерге арналған бос жұмыс орындар -49,9%-ға, педагогтар үшін -41,3%-ға, SMM және контент-менеджерлерді іздегендер -32,8%-ға азайған. Ал менеджерлер мен жүргізушілерген деген сұраныс -14,4% және -10%-ға төмендеген.