Қазақстандықтар Құрбан айтқа орай демалмайтын болды

594

0

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Дүйсенбі, 17 маусым жұмыс күні болады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін 17 маусымда қазақстандықтар қосымша бір күн демалатыны хабарланған болатын. Өйткені Құрбан айттың бірінші күні осы күнге сәйкес келетіні айтылды. Алайда бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) мереке бір күн бұрын, яғни 16 маусымда басталатынын хабарлады.

«2024 жылға арналған мерекелер мен демалыс күндерінің күнтізбесі жасалғанда, ҚМДБ ресми түрде Құрбан айт 17 маусымға сәйкес келетінін хабарлады. Бұл күн жұмыс күні болғандықтан, демалыс болады деп жоспарланған. Қазір ҚМДБ Құрбан айт 16 маусымға сай келеді деп жариялады. Демалыс күндеріне сай келетін діни мерекелер жылжытылмайды. Сондықтан демалыс күні ауыспайды, өйткені бұл – демалыс күні», – деді Tengrinews.kz тілшісіне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<