Қазақстандықтар тамыз айында неше күн демалады?

700

0

30 тамыз күні Қазақстан басты мемлекеттік мерекелердің бірі – Конституция күнін атап өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл Конституция күні сейсенбіге келеді. Бұл күн күнтізбеде демалыс болып белгіленген.

Сонымен қатар Үкіметтің «2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» қаулысына сәйкес демалыс күні 2022 жылғы 27 тамыздағы сенбіден 2022 жылғы 29 тамыздағы дүйсенбіге ауыстырылады.

Тиісінше, қазақстандықтар келесідей демалатын болады:

Бес күндік жұмыс аптасында – демалыс күнін үш күн қатарынан ауыстыруды ескере отырып: 28, 29, 30 тамыз (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі);

Алты күндік жұмыс аптасында – екі күн: 28, 30 тамыз (жексенбі, сейсенбі).

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<