Қазақстандықтар үш айда 5,5 млрд теңгеге тісін емдеткен

410

0

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда былтырғы жылдың үшінші тоқсанында стоматологтар 5,5 миллиард теңгеге қызмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2022 жылдың үшінші тоқсанында еліміздің тіс дәрігерлері 32 миллиард теңгеден астам сомаға кызмет көрсетті. Қызметтердің негізгі көлемі, яғни 5,5 миллиард теңгеден астамы бюджет қаражаты есебінен, 23 миллиарды халықтың өз ақшасы есебінен және 3,3 миллиардтан астамы кәсіпорындардың қаражаты есебінен орындалды.

Өңірлік тұрғыда қызметтің ең көп көлемі Алматы қаласында көрсетілді – 8,7 млрд теңгеге. Алғашқы үштікке сондай-ақ елорда (7,1 млрд теңге) мен Шығыс Қазақстан облысы (1,3 млрд теңге) енді. Ең аз қызмет Түркістан облысында көрсетілген – 336 508 мың теңге.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<