Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі соңғы үш жылда алаяқтық фактілері бойынша 770 қылмыстық іс тіркеді. Бұл туралы аталған агенттіктің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті, деп хабарлады Қазақпарат.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында алаяқтық жасау өзекті проблема. Соңғы үш жылда агенттікте алаяқтық фактілері бойынша 700-ден астам (770) қылмыстық іс тіркелді, оның 100-ден астамы пара беруге итермелеумен ұштасты. Республика бойынша алаяқтарға берілген қаражаттың жалпы сомасы 18,9 млрд теңгеден асады», – деді Данияр Бигайдаров Антикорда өткен брифингіде.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі ауданаралық бөліміне қарасты бөлімше бастықтары қамауға алынды.
Сондай-ақ, брифинг барысында Гүлмира Сатыбалдыға жаңадан айыптар тағылып, тергеу жүргізілді.
Одан бөлек, Астанада Кірістер департаменті аудит бөлімі басшысының үйінен 129,4 млн теңге тәркіленгені айтылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<