Қазақстандықтардың 45 пайызы екі тілде сөйлейді

512

0

Фото: Kazinform

2021 жылғы халық санағы бойынша 5 жастан асқан халықтың 44,9% – екі тіл, 28,6% – үш тіл меңгерген. Санақ қорытындысы бойынша тағы 1,7 пайызы 4 тілде сөйлейді, халықтың 0,2% 5 тіл біледі. 6 тіл білетін полиглоттардың үлесі 0,1% немесе 8 845 адамды құрады, деп хабарлайды Kazinform ұлттық статбюроға сілтеме жасап.

Қызықты дерек, ерлерге қарағанда 4-5 тілді меңгерген әйелдердің үлесі басым, сәйкесінше 47,9% және 52,1%.

Бірақ 6 және одан да көп тілді білетін ерлер үлесі, керісінше, әйелдердің үлесінен асып түседі — 55,6%.

Өңірлік бөліністе 5 және одан да көп тілді білетін полиглоттар Алматы қаласында тұрады.

Бұл ретте 35,1% немесе 6 042,1 мың адам ағылшын тілін біледі, оның 27,6% — еркін сөйлейді.

Жас сегментінде ағылшын тілін білетіндердің үлесі 10-14 жас және 25-29 жас аралығында көп. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<