«Қазақстандықтарға өтемақы төленеді». Желіде Әлихан Смайловтың видеосы тарауда

516

0

Сурет: primeminister.kz

Әлеуметтік желіде ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың интернет-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккендерге өтемақы төленетінін айтып жатқан видеосы тарауда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода Қазақстанда «ұрланған қаражатты қайтару және өтеу жөніндегі» комитет құрылғаны айтылады. Бұл – өтірік. Елімізде мұндай комитет жоқ және болған да емес, деп хабарлайды stopfake.kz.

«Алаяқтар алданған адамдарға көмектесеміз деп осы жарнаманы таратуда, ал шын мәнінде ақшаны «қайтару» қызметтері туралы жазылған сайтқа өтуді ұсынады. Нәтижесінде, жосықсыз инвесторлар ұрлаған ақшаны қайтару үшін қайтадан төлеу керек болады. Осылайша алаяқтар бір кездері алданып қалған адамдарды тағы да құрығына түсіреді. Мұндай хабарландырулар Қазақстанда және Ресейде бұған дейін де тараған болатын. Ол кезде қаржы пирамидаларынан зардап шеккен азаматтарға өтемақы төлеу туралы айтылған еді», деп жазады портал.

Бұған дейін алаяқтар Қасым-Жомарт Тоқаевтың суретін де бірнеше рет қолданған: Президент атынан олар белгілі бір мұнай компаниясына немесе Илон Масктың жобасына «инвестиция салуға» шақырған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<