Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 37%-ға артты

334

0

Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

Биылғы қаңтардан қыркүйек айына дейін елімізге 834,9 мың шетелдік турист саяхаттаған. Бұл – былтырғы көрсеткішке қарағанда 225 мың адамға немесе 37%-ға көп, деп хабарлайды Kazinform Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Былтыр бұл аралықта елімізге 609,8 мың шетелдік келген еді.

«Кейінгі жылдары шетелдік туристердің Қазақстанға қызығушылығы арта бастағаны байқалады. Мәселен, биыл елімізге 800 мыңнан астам шетелдік келген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 1,4 миллионға жетуі мүмкін деген болжам бар. Бұған еліміздің көрсең көзің тоятын табиғи сұлулығы, мәдени бай мұрамыз және қонақжайлығымыз дәлел бола алады. Біз елімізді туристер үшін одан да тартымды әрі қызықты ету және байтақ жерімізге табаны тиген әрбір саяхатшыға ұмытылмас әсер қалдыру үшін тырысамыз», – деді ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұртас Кәріпбаев.

9 айдың қорытындысы бойынша, 2023 жылы орналастыру орындары қызмет көрсеткен ішкі туристер саны 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 553 мыңға артып, 5,4 млн адамға жетті. 

Бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 1,3 млн адамға көп (2019 жылдың 9 айында 4,1 млн адам).

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<