Қазақстанның барлық аймағында ауа райы бұзылады – Қазгидромет

876

0

Бүгін Қазақстанның барлық аймағында ауа райы бұзылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометтің болжамына сүйеніп.

«Қара теңіз аудандарынан белсенді циклон ел ауа райын ықпал ететін болады – жаңбыр жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта қарға ауысатын жаңбыр күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстікте, солтүстік-батыста – көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстікте – шаңды дауыл, найзағай, батыста, орталықта – найзағай, бұршақ күтіледі.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады», – деп жазды синоптиктер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<