13 мамырда Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Көкшетауда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 25 м/с.
Алматы облысы мен Алматы қаласының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні 17-22 м/с.
Күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында найзағай ойнайды. Облыс орталығында желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында 23 м/с. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз найзағай күтіледі.
Қарағанды облысында оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында және солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде әлі де жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде және шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысып, оңтүстікте, шығыста, облыс орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың шеткі оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда түнде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Абай ауданының оңтүстік-батысында солтүстік, солтүстік-шығыстан 15-18 м/с жел соғады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының шөлейт аймақтарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында және оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Ақтауда кей жерлерде найзағай ойнайды.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Петропавлда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен, батыстан, облыс орталығында 15-20 м/с дейін соғады. Облыстың батысында – Қазалы ауданында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігі мен шығысында түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен, батыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с. Облыстың батысында әлі де жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с болады.
Күндіз Павлодар облысының батысында және солтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Түнде және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысы мен оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда найзағай күтіледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<