Қазақстанның екі облысында өрт аумағы он есе ұлғайып, 31 мың гектарға өсті

419

0

Фото: видеодан скрин

Қарағанды мен Павлодар облыстарындағы өрт аумағы он есе ұлғайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар департаменті мен облыс әкімдігінің мәліметінше, қазір Қарағанды облысында 21 мың гектар, Павлодар облысында 10 мың гектар жер өртке оранды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 15:00-ге дейін Қарағанды облысының даласындағы өрт 21 мың гектарға жеткен.

«Сағат 14:30-да Павлодар облысының Баянауыл ауданында жалпы аумағы 10 мың гектарды құрайтын дала өрті оқшауланды. Екі облыстағы өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті, Төтенше жағдайлар министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдардан 401 адам жұмылдырылған. Олар 68 техника бірлігін, сондай-ақ үш ұшқышсыз ұшатын аппарат пен 2 МИ-8 тікұшағын пайдаланады», – делінген хабарламада.

Бір күн бұрын Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында құрғақ шөптің өртенуінен үлкен жалын шарпыды. Дала өрті Павлодар облысының аумағына жайылды. Одан кейін 3 мың гектардан астам жер өртеніп жатқан. Құтқарушылар қатты жел мен таулы жердің салдарынан өртті сөндіру қиынға соққанын хабарлады.

Оны сөндіру кезінде бір өрт сөндіруші қаза тапты, тағы екі адам күйікпен ауруханаға жеткізілді.

Облыстық билік азаматтарға ақпараттық-психологиялық қолдау көрсету үшін сенім телефондарын ашты:

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті – 8 721 2 51 72 23,

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті – 8 718 2 20 11 12.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<