Сурет: Zakon.kz
Сарапшылардың мәліметінше, 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 8,3 мың жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғыдан 12,5%-ға аз: 2022 жылы жол-көлік оқиғаларының саны 9,4 мың болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2023 жылғы 12 қыркүйегінде жарияланған Ranking.kz зерттеуіне сүйенсек, жол-көлік оқиғалары көбіне Алматыда тіркелген: жыл басынан бері – 2 мың ЖКО.
Үштікке мына екі облыс кіреді:
Алматы облысы (826 жағдай):
Жамбыл облысы (614 жағдай).
Бір айта кетерлігі, жол-көлік оқиғасы Ұлытау облысында аз тіркелген: 42 жағдай.
Сарапшылардың айтуынша, одан кейін Атырау және Қарағанды облыстары тұр: сәйкесінше 200 және 208 жағдай.
Зерттеуде жазатайым оқиғалардан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жөнінде де мәлімет келтірілген:
«2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында жол-көлік оқиғасы салдарынан 11,9 мың адам зардап шекті, 2,4 мың кәмелетке толмағандар зардап шекті, 1,5 мың адам қаза тапты».
11 қыркүйек күні Теміртауда үш ауыр жүк көлігі соқтығысып, жүргізушілердің бірі аяғынан айырылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<