Қазақстанның төрт мергені әлем кубогінің финалдық кезеңінде бақ сынайды

403

0

Фото: olympic.kz

Делиде (Үндістан) спорттық атудан әлем кубогінің финалдық кезеңі басталды, деп хабарлады Ұлттық олимпиадалық комитет.

Беделді турнирге қатысуға төрт қазақстандық спортшы шақырту алған.

Оқпен атудан Никита Чирюкин және Константин Малиновский қатысады. Ал Мария Дмитриенко мен Әсем Орынбай стенд атудан жүлдеге таласады.

Айта кетелік, Әлем кубогінің финалдық кезеңіне әр спортшы қатыса бермейді.

Қатысушылар тізімінде Олимпиада жүлдегерлері (бұл жағдайда Париждегі Олимпиада ойындарындағы жүлдегерлер), былтырғы Әлем кубогінің жеңімпаздары, сонымен бірге әлемдік рейтингте жоғары орындарда тұрған мергендер қатыспақ.Одан бөлек турнирге арнайы шақырту бойынша қатысуға болады.

Бұған дейін мергендер бапкері жүлде алудың қиындығы туралы айтқан болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<