ҚАЖ қызметкерлері мемлекеттік тілді оқыту курсын бастады

721

0

Мемлекеттік тіл мәселесі – өте маңызды, мемлекеттік мәні бар мәселе. Осы орайда мемлекеттік тілді дамыту, оның қолдану аясын одан әрі кеңейту және мәртебесін көтеру мәселесі бойынша Қызылорда облысы  бойынша ҚАЖ департаменінде және департаментке қарасты мекемелерінде іс-шаралар ұдайы жүргізіледі.

Бүгін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен №37 мекемеде қызметкерлерге мемлекеттік тілді оқыту курсы басталды. Курстың бірінші күнінде орталықтың оқытушысы Нұрбану Тажқожаева қызметкерлерден қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтайтын «Қазтест» жүйесі бойынша тест алды. Одан соң сергіту сәті өтіп, қызметкерлерге күнделікті сабақ барысында қазақ тілінің функционалдық қызметінен бастап, оның салалары, жаңа терминдер, іс-қағаздар жүргізу стилі, сөйлеу мәдениеті, ересектерге арналған тренинг, диктант, эссе, жазылым тапсырмаларымен және ресми құжаттарды дайындау туралы жүргізілетінін жеткізді.

Сондай-ақ, курсты толық аяқтаған қызметкерлерге сертификаттар табысталатындығын атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<