ҚАЖ қызметкерлері сала ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады

549

0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 37 мекемесінің қызметкерлері Халықаралық қарттар күнімен құттықтау дәстүрін ұзақ жылдар бойы сақтап келеді.

Бүгін де  кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны Д.Оспанов пен әділет аға лейтенанты З.Бостанова ұзақ жылдар ҚАЖ саласында қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан қос зейнеткерді мерекемен құттықтап, мықты денсаулық және ұзақ өмір тілеп, мекеме бастығының алғыс хатын  тапсырды.

Абасилов Жаңабай Әлтайұлы ҚАЖ саласындағы еңбек жолын 1994 жылдан бастаған . Қиындығы мен қызығы қатар жүретін салада антына адал қызмет ете жүріп, жас мамандарды тәрбиелеуге де өз үлесін қосады. 2007 жылға дейін үздіксіз еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан.

Абдиев Бақыт Қабылұлы 15 жылға жуық ҚАЖ саласында қызмет атқарған. Еңбек жолын бақылаушыдан бастаған Бақыт Қабылұлы жасақ бастығы лауазымына дейін көтеріліп,2014 жылы зейнеткерлікке шығады.Бүгінде жас қызметкерлерге өз тәжірибесімен бөлісіп, білгенін  айтып отырады.

– Саналы ғұмырын ҚАЖ саласына арнап, тер төгіп қызмет еткен, бұл күнде жас қызметкерлерге көрген-білгенін айтып бөлісетін айбынды ардагерлеріміз аман болсын.

Осы тамаша және жарқын мерекеде ардагерлерге шын жүректен зор денсаулық, ұзақ өмір, бейбітшілік пен амандық тілеймін, – деді кадр саясаты тобының аға инспекторы Дінмұхаммед Оспанов.

Өз кезегінде ардагерлер мекеме басшылығына ұдайы көңіл бөлгені, қамқорлығы үшін алғыс айтып, қызметкерлерге қиын қызметтерінде табыс тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<