Қажылық-2024: Дайындық семинары өтті

148

0

Фото: Ақмешіт Сырдария мешіті

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде қажылық маусымына дайындық семинары өтті.

Шараға қала мешіттерінің жамағаты және қажылыққа баруға ниет етуші жандар қатысты.

Семинарда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Қайырбек Тоқтықбайұлы және ҚМДБ жанындағы «Tawaf Travel» туристік компаниясының Қызылорда облысы бойынша өкілі, Жалағаш ауданының бас имамы Жақсыбек Әбиұлы қажылықтың исламда алар орны мен маңызы, оны орындау шарттары: парыздары, сүннеттері және бұзатын жағдайлар, ихрам кию үлгісі, тәртібі жайлы өзекті тақырыптар аясында ақпараттық насихат жүргізді.

Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Tawaf Travel» қажылық компаниясының қызметі мен бағыты жайлы баяндап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<