Қоғамдық көліктерде тегін жүруге құқылы азаматтар санаты кеңейтілді

383

0

Фото: Автобус паркі

Қызылорда қаласында қоғамдық көлікте тегін жүруге құқылы азаматтардың санаты кеңейтілді.

Нақтыласақ, 20 мамырдан бастап
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған;

«Батыр ана» атағын алған;

I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;

І топтағы мүгедектігі бар азаматтар қоғамдық көліктерде тегін жүреді.

Бұдан бөлек, 15 жастан 18 жасқа дейінгі азаматтарға да жеңілдік қарастырылған, яғни жол жүру билетінің толық құнының елу пайызын төлейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<