Қоғамдық көліктердің қызметі бақылауда

801

0

Сурет: «Қызылорда» автобус паркі

Қоғамдық көлік тасымалдау қызметіне бақылау жұмыстары күшейтілуде. Қала әкімінің орынбасары Дінмұхаммед Исламов және құқық қорғау органдары қызметкерлері арнайы қоғамдық көлік қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

Жалпы, қызылордалықтардың қоғамдық көлікке деген сұранысын қанағаттандыру және көлік қатынасын дамыту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінде автобустар қалаішілік 34 бағыт бойынша жолаушыларға қызмет көрсетілуде. Онын 19 бағыты жаңа, үлкен сыйымдылықтағы автобустармен қамтылған. Олар: №1, №3, №10, №11, №12, №13, №14, №15, №16, №17, №18, №19, №20, №22, №25, №28, №29, №30, №31. Алдағы уақытта кіші сыйымдылықтағы қоғамдық көліктерді жаңа автобустармен қамту жоспарлануда.

Айта кету керек, «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС қарасты үлкен сыйымдылықтағы автобустарда мүмкіндігі шектеулі жандарға, ересектермен оқушылар үшін QR-кітап оқуға қолайлы жағдайлар жасалған. Ал автобустардың келуін «2ГИС» және «ЯНДЕКС GO» ұялы қосымшалары арқылы бақылауға мүмкіндік бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<