Қоғамдық-саяси тұрақтылық – басты міндет

340

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызме

Облыста кең көлемде өтетін тағылымды шараларды ұйымдастыруда қоғамдық даму басқармасының көші ілгері. Мәселен, өткен жыл облыс үшін қоғамдық-саяси маңызды жаңалықтарға толы кезең болды. Соның негізгісі – Сыр өңірінің облыс болып құрылғанына – 85 жыл толса, Қызылорда қаласына – 205 жыл, ал бірқатар аудандар 95 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтті.

Биыл да аймақта өтетін түрлі деңгейдегі іс-шаралар, жүзеге асырылатын жаңа жобалар мен алдағы мақсат-міндеттер туралы облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында тарқатып айтты.

– Облыстың 85 жылдық мерейтойы аясында жыл көлемінде 100-ге жуық нысан ашылып, 1000-нан астам түрлі деңгейде іс-шара өтті. Сондай-ақ, «Сыр елі» энциклопедиясы, «Сыр елінің тарихы» кітабы, «Қызылорда облысы: 1938-2023» кітап-альбомы әзірленді.

85 жылдық мерейтой аясында аймақтың дамуында өзіндік қолтаңбасы бар, есімдері алтын әріппен жазылған мемлекет және қоғам қайраткерлері Қ.Қазантаевтың, И.Әбдікәрімовтің және Т.Есетовтің 100 жылдығына орай аудандар мен облыс орталығында еске алу, ұлықтау шаралары, сондай-ақ олардың өмірі мен қызметіне арналған ғылыми-танымдық конференциялар өткізілді. Сондай-ақ, үлгілі отбасыларды дәріптеу мақсатындағы дәстүрлі «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсы жоғары деңгейде өтті. Биыл да еліміз үшін, өңіріміз үшін маңызды жобаларды жүзеге асыру жоспарланып, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау бағытындағы игі бастамалар қолға алынады, – деді басқарма басшысы.

Атап айтқанда, ұлт қайраткерлерінің есімін ұлықтау мақсатында өткен жылы Мұстафа Шоқай мен мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өтсе, биыл да бұл үрдіс жалғасын таппақ. Атап айтсақ, әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады. Жошы ұлысының іргесі қаланғанына – 800 жыл. Сонымен қатар, Әйтеке бидің 380 жылдығы, Жанқожа батырдың 250 жылдығы, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбджәміл Нұрпейісовтың 100 жылдығы және т.б. мерейлі даталар атап өтіліп, танымдық бағытта ұйымдастырылатын болады.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<