Қонаевта шомылу маусымына дайындық басталды

401

0

Фото: Pixabay.com

Қала аумағында шомылуға рұқсат берілген 97 жағажай бар, деп хабарлады Қазақпарат.

Қонаев әкімдігінің мәліметінше, қала аумағында 140 туризм нысаны орналасқан. Инвестициялық қаржыға бой көтеретін демалыс орындарының саны – 6. Оның біреуі биыл қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.

«Қалалық жағажайда 40 кәсіпкер жұмыс істейтін болады. Жауапты мекеме дәретханалар, 20 қоқыс жәшігін орнатады. Кәсіпкерлер де өз аумағында әжетхана мен жуынатын орын қоюы қажет. Сондай-ақ мұнда ақпараттық баннерлер ілініп, су көлігі тұрағы жасалады, белгіленген аумақта ғана жүзу үшін суға пластик заттар (буи) орнатылмақ», – деп хабарлады әкімдіктен.

Жазғы маусымда қауіпсіздікті сақтау мақсатында 50 құтқарушы, 7 жүзу құралы жұмылдырылады.

«Қаладағы туризм саласының дамуы үшін ауқымды іс-шаралар өтетін болады. 2023 жылы «Oceanмan», «Рок фестивалі», «Rock family fast» шарасы өткен еді», – деп атап өтті Қонаев қаласы әкімдігінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<