Сурет: ашық дереккөз
Кейінгі кезде бокс жанкүйерлері Қамшыбек Қоңқабаевқа салмақ ауыстыру қажет екенін жиі айтып жүр. Өйткені отандасымыз биылғы әлем чемпионатында өзінен бойы ұзын әрі салмағы да ауыр өзбекстандық боксшы Баходир Джалоловқа тағы да есе жіберді. Көрерменнің көкейінде жүрген сауалға бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов жауап берді деп хабарлады turkystan.kz.
«Жанкүйерлерге рақмет, жаны ашығаннан айтып жатқан шығар. Маман ретінде айтарым, онда тұрған ештеңе жоқ. Бой, дене оған қарамайды. Салмақ қуудың өзі оңай емес. Сондықтан осы салмақта қалады. Кем-кетікпен жұмыс істейді. Кеткен есені қайтаруға әрекет жасайды», – деді бапкер Qazaqstan арнасына берген сұхбатында.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<